$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Қазақстан бойынша Айт намазының уақыты белгілі болды

AstanaTV
27.03.2025ж. 15:16
Қазақстан бойынша Айт намазының уақыты белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша Айт намазының уақыт кестесін жариялады.

Оразаның соңғы күні -29 наурыз.

“30 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады”, – делінген хабарламада.