Былтыр су шайып, 3 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалған Жылыой ауданында биыл да қауіп жоқ емес. Жем өзенінің ағысы қатты. Қауіпті деген аумақтар 6 учаскеге бөлініп, тәулік бойы кезекшілік қойған. Көрші облыстардан төтеншеліктер мен қарулы күш мамандары көмектесіп жатыр. Көктемгі тасқыннан қорғануға аудандық бюджетті қоспағанда, облыстық қазынадан 40 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қомақты қаржыға Құрсай өзегі мен Жем өзенінің 100 шақырымын түп тереңдету , 65 шақырым бөгет соғу жұмысы бар. Оның 78 пайызы аяқталған. Сондай-ақ 3 реттегіш шлюз орнатылмақ. Әзірге оның жобасы жасақталып жатыр. Жалпы Құлсары қаласын тасқыннан қорғау үшін 3 деңгейлі бөгет салынған. Осы арқылы былтырғы жағдай қайталанбайды,- деген үмітте.
ҚАЙРАТ НҰРТАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл жердегі қауіп бар. Неге десеңіз, ағынның күші өте жоғары. Біздерде мынау Ақтөбе жағында судың деңгейі түсіп бастағанымен, біздің территориядан әлі түсіп бастаған жоқ. Біз негізгі судың қарқыны осы айың аяғына дейін түседі деген жоспарымыз бар. Қазір қажетті техника, жанар-жағар май бүкіл қапшықтарымыз, толықтай дайын.
Қазір Құрсай өзеніндегі жұмыстар толық бітпегендіктен өзен аузы бекітілген. Сондықтан аудан аумағына келген су тек Жем өзенімен ағып жатыр. Ағыс саябырсыған соң жайылымға жіберіле бастайды. Ал аудан тұрғындары бір арнамен ағып жатқан соң, су көлемін бағдарлай алмай, шаруашылыққа алаңдап отырмыз,- дейді.
ҚОРАБАЙ ТАЙШЫБАЕВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қорқыныш болғанда, мынаның астынан өтіп кете ме деп ойлаймыз. Сосын жайылысқа су шықпай жатыр. Малымызға қиын болып жатыр. Қазір бір жерде су көп пе, аз ба мөлшерін біле алмай жатырмыз. Бұрынғы арнадан , қазған арнадан асып тұр. Қысылып жүріп жатқан су сияқты.