Ұлттық компаниялардағы тендер барысын Қаржы министрлігінің қадағалуы IPO қарсаңында беделімізге кері әсер етуі мүмкін. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деп есептейді. Үкімет отырысында Қаржы министрлігі мемлекетік сатып алу туралы заң жобасын таныстырды. Онда квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды өз бақылауына алатыны жөнінде айтылған. Ал Шөкеев "директорлар кеңесіне Үкімет басшысының өзі кіреді. Осы да жеткілікті" деді. Оған қоса, инвесторларға сатып алуға мемлекеттің араласуы ұнаймайды, деп отыр.
Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ басқарма төрағасы:
Нам кажется, что в преддверии IPO это может сыграть очень негативную роль при оценке нашей компании.
Ал Алматы қаласының әкімі тендерге қатыстандарға талапты күшейту керек деген ұсыныс айтты. Оған қоса "тәжірибесі бес жылдан кем болмауы тиіс, қолында 30 пайыз ресурс болуы керек", дейді. Мысалы, былтыр сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейту үшін өткен тендерге 12 компания таласқан. Жартысының тәжірибесі жоқ. 70 пайызы қажетті техниканы жалға алады. Тіпті бопсалайтындар да бар екен.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Кей
компаниялар қатысады, бірақ ұтпайтынын білетіні жасырын емес. Содан соң, олар
ұтқан компанияға шығып, құжаттарын кері қайтарып аламыз деп, ақша сұрайды.
Осымен айналыстын бір топ компания бар.