ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 ай ішінде тау-кен өндірісінің 6500 қызметкері келеді. Бүгін Ақтөбе облысынан алғашқы 500 адам Астанаға арнайы пойызбен табан тіреді. Қызметкерлерінің бұл жолғы сапарын ERG компаниясы ұйымдастырған. Қыркүйекке дейін көрмеге Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарынан металлургтер де келеді. Еуразиялық топ өкілдерінің айтуынша, ЭКСПО-ны аралау үшін кәсіпорынның үздік жұмысшылары мен саланың ардагерлері іріктеліп алынған.
Ирина Донетбакова, ERG компаниясы қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры:
6500 адам - олар кәсіпорынның үздік мамандары. Өндіріс озаттары, тәлімгерлер,
резервтегілер, жас белсенділер, спортсмендер, біздің жаңашылдар мен өнертапқыштар.