$503.05 €542.99 ₽5.98
×

БҰҰ: Зілзаладан зардап шеккендерге 5 миллион доллар бөлді

AstanaTV
31.03.2025ж. 12:38
266
БҰҰ: Зілзаладан зардап шеккендерге 5 миллион доллар бөлді
Фото: xinhuanet.com

Қытай 14 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеп, 37 құтқарушыдан тұратын арнайы топ аттандырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресей оқиға орнына 30 құтқарушы жіберіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Үндістан да гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жөнелткен.

Оңтүстік Корея зардап шеккендерге 2 миллион доллар бөлмек. Малайзия 50 құтқарушыдан тұратын екі топты көмекке аттандырып жатыр. Сонымен қатар Үндістан, Сингапур және Таиландтан да құтқарушылар көмекке келеді.

Қазіргі уақытта халықаралық құтқару топтары Мьянмада жер сілкінісінің салдарын жою, үйінділер астында қалғандарды іздеу және гуманитарлық көмек тарату жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа Еуропа елдері көмек беретінін мәлімдеп, өзара ақылдасуға кірісті.