$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді

AstanaTV
31.03.2025ж. 13:37
201
Алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді
Фото: Kazinform

Президент тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Astana TV

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;

Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру; 

Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;

Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

— Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді, — делінген хабарламада.


 https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-algash-ret-pedagog-proforientator-lauazimi-resmi-turde-engzld-71c075/