Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда автобустардың қатысуымен кезекті жол апаты орын алды

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
2561
Алматыда автобустардың қатысуымен кезекті жол апаты орын алды

Алматыда қоғамдық көліктердің қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды. Тобаяқов көшесінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан автобустар соқтығысқан. Оқиға орнында 7 адам түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, шығыс бағытта келе жатқан автобустың оң жақ қапталындағы қосымша жолдан жеңіл көлік шығып қалған. Одан жасқанған автобус жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Ал онымен бетпе-бет келген екінші жолаушылар көлігі жол бойында қаңтарылып тұрған үш жеңіл машинаны жаншып өтіп, ағашқа соғылған. Автобус салонында отырған жолаушылар айтарлықтай қатты зардап шекті. Қоғамдық көліктердің екеуі де «Думан Транс» жеке автопаркінің иелігінде екені белгілі болды.

Айдос Еламанов, көлік иесі:

Зардап шеккендер болды деп, 5 жедел жәрдем машинасы келді, 5 адамды ауруханаға алып кетті. Менің көлігімнің лонжероны кетіп қалған, бұл қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ақша шығарып берсін немесе басқа машина алып берсін деп талап етемін.

Әсел Нұрғалиева, куәгер:

Мен осы сәтте далаға шығып қалған едім, бәрін өз көзіммен көрдім. Автобустардың қатты келгенін байқадым. Бұл көшемен осы 17 бағыттық автобустар қатынайды. Олардың жүргізушілерін қайдан жинап алатыны білмеймін, өте қатты жүргізеді.

Ауруханаға жеткізілген науқастардың екеуі бала. Олар тиісті ем-шараны алып, үйлеріне жіберілген. Бұл туралы қалалақ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.  Ал бес ересек адам да дәрігерлер көмегінен соң үйлеріне қайтарылған.