Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда көпірден секірмек ер адамға қатысты тергеу басталды

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
2350
Алматыда көпірден секірмек ер адамға қатысты тергеу басталды

Алматыда көпірден секірмек болған ер адамға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Өмірімен

қоштаспақ болған 22 жастағы жігіт Алматыға Орал қаласынан келген. Таңертең сағат  8.00 шамасында Төле би мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы автомобиль көпірінен секіруге бел буған. Оның бұл тосын әрекетін сол аумақта көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жатқан жұмысшылар көреді.

Ирина, куәгер:

Таңертең жұмысқа келгенде, көпірдің үстінен жолға қарай секіруге оқталған азаматты көрдік. Аяғын қайта-қайта көтеріп, жерге құлайтынын айтты. Өзіміз құтқаруға тырыспадық. Жылдам полицияға хабар бердік. 

Шұғыл ақпарат жетісімен, оқиға орнына тәртіп сақшылары, төтеншеліктер мен медицина қызметкерлері келген. Психолог мамандар жігітті райынан қайтаруға әрекет жасағанымен, көпке дейін ол нәтижесіз болды. Ақыры жігіт құтқарушылар жайған палаткаға құлап түсті. Абырой болғанда, дін аман.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Бұл олқылыққа итермелеген барлық жайттер жіті тексерілетін болады. Қазіргі таңда ол Медеу аудандық Ішкі істер басқармасында түсініктеме беруде. Оның қандай да бір психологиялық жүйке ақауын анықтау үшін, онымен  міндетті  түрде медицина  қызметкерлері жұмыс істейтін болады алдағы уақытта. Және тиісті көмектерін беретін болады. Денсаулығына ешқандай қауіп төніп отырған жоқ.