$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Мүгедектер бірлестігі мемлекеттік тапсырыстан қағылды

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
5961
Мүгедектер бірлестігі мемлекеттік тапсырыстан қағылды

Қызылордада «Ұшқын» мүгедектер бірлестігі жабылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырысқа ілінбей қалдық, басымдық сау азаматтарға берілді,-дейді кәсіпорын басшысы. Салдарынан жұмыс көлемі азайып, қарыздары көбейген. Бірлестік жетекшісі Бақыт Жұмашевтың сөзінше, мүгедектердің назын айтудай айтқанымен, жергілікті шенеуніктердің еститін түрі жоқ.

Бес жылдан бері нарыққа қажетті бағыттарды қамтып келе жатқан «Ұшқын» бірлестігі тігін және жиһаз, полиграфия, пластик терезелер мен есіктер шығарумен айналысады. Мұндағы 59 жұмысшының 57-сі мүгедек жандар. Өнімдері сапа сертификатына сай келетін бірлестік аймақта беделді, танымал өндіріс орнының қатарында. Алайда жыл басынан бері несібемізден айрылдық,- дейді бірлестік басшысы. Өйткені мемлекеттік тапсырыстан қағылған 

Бақыт Жұмашев, «Ұшқын» мүгедектер бірлестігінің басшысы:

Жергілікті әкімшілік және облсобес барлығы біледі, бірақ ашқандай нақты көмек қолдау болмай жатыр. Егер бұл жағдай жалғаса беретін болса, мемлекеттен бір қолдау болмаса, мекемемізді банкрот деп тануға тура келеді. Құрылғыларды сатып, айлық қылып бермесем, басқа амал жоқ.

Ғалия Тастаева, 3 топ мүгедегі:

Екі балам бар, шүкір Аллаға, бергеніне, өзіміз мүгедек болсақ та, соларды жеткізіп жатырмыз. Халыққы жұмыс тауып беріп, біз мүгедекпіз деп үйде отырмай, халыққа пайдамыз тисін деп отырмыз.

Мемлекеттік сатып алудың өз ережелері бар. Мүгедектер бірлестігімен қатар өзге де үкіметтік емес ұйымдар қатысатын бағыттар қаралған.

Гүлшат Әбдіхалықова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілі:

Биыл электронды мемлекеттік сатып алуға қатысты. Бірақ комиссияның құжаттарды қарау қорытындысымен, осы электронды мемлекеттік сатып алу электронды түрде шығарылады. Сол жерде жеңімпаз қоғамдық қоры танылған. Жалпы сомасы 10 миллион 553 мың қаралғаны бір жылға.  

Заңгерлердің айтуынша, бұл санаттағы азаматтарға тиесілі жеңілдіктер бар. Мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайлары ескеріледі.

Ғалым Едігеев, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: 

Мемлекеттік сатып алу порталында арнайы белгі қойылады ол туралы. Нарықтағы басқа субъектілер ондай сатып алуға қатыса алмайды. Мүгедектер ұйымдары қатыспаған жағдайда ол кезде жалпы тәртіппен нарықтағы басқа субъектілерге берілу көзделген.

Бірлестік қазірдің өзінде шикізат үшін мекемелерге 3 миллион теңгедей қарыз. Жалақыға берешегі бір жарым миллион теңгеден асқан. Тапсырыстан қағылған бірлестіктің ертеңі не болмақ? Әзірге бұл сұрақтың жауабы жоқ. 

Шарипа САҚТАПОВА