Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Нұр сұңқар» кәсіби байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
3501
«Нұр сұңқар» кәсіби байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Нұр Отан» партиясы «Нұр сұңқар» кәсіби байқауының жеңімпаз журналистерін марапаттады.  «Астана» арнасының ақпарат-сараптамалық бағдарламалар директоры Анар Каринтаева «Ерекше пікір» номинациясы бойынша ең үздік телевизиялық журналист атанды. Жеңімпаздарға бір миллион теңге сыйақы тарту етілді. 

Байланыс және ақпарат күні қарсаңында ұйымдастырылатын дәстүрлі байқауға бас аяғы  600-ден астам жұмыс түскен. Белгілі журналистер мен қоғам қайраткерлерінен құралған комиссия 10 қаламгерді үздік деп таныды.

"Литер" газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі Айнұр Балакешова "Партияның қызметі туралы ең үздік материалы үшін" номинациясымен  марапатталды. "Хабар24" арнасының директоры Арман Сейітмамыт "Халық дауысы", ал "Хабар" арнасының журналисті, редактор Руслан Оспан "Ең үздік талдау" бағдарламасы аталымына  ие болды. "Қазақстан" арнасының журналисті Дулат Нұркин "Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін" аталымын еншіледі. "Егемен Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі Талғат Батырхан "Сөз шебері" атанды. "Медиапрофи" номинациясы бойынша интернет басылымның үздік журналистері ретінде "Қамшы медиа" серіктестігі директоры мен Бақ. кз сайтының редакторы танылды. "Аймақ айнасы" номинациясын "Казахстанская правда" газетінің Қостанайдағы тілшісі мен "Семей таңы" газетінің басшысы еншіледі.