Таразда тарихи орын тас-талқан болып жатыр. Қазақ хандығының 550 жылдығына салынған "Төрткүл" керуен сарайы 90 пайызға тозып кеткен. Турист тартамыз деп 67 млн тенгеге салынған ашық аспан астындағы музей, бүгінде түкке жарамсыз күйге түскен. Жауаптылар қаржыны жұмсап, қараусыз қалдырғандықтан қамалдың қабырғасы құлап, ішкі көрінісі тіпті көңілге қаяу түсіреді. Ал маңайда тұратын тұрғындар тарихи кешен әуел баста дұрыс салынбаған, енді үстімізге құлап кете ме деп қорқады.
2015 жылы қорғаныс бекеті іспеттес салынған "Төрткүл" тарихи кешенінің бүгінгі сыртқы сипаты мынау. Ішіне енсеңіз тіпті жаға ұстатарлық жағдай. Батырларға арналған ескерткіштің қолы жоқ, шапандар шаң басып жерде жатыр. Арам шөбі бойдан асып, темірі тот басып, қамал іші тұрмыстық қалдыққа толған.
БИБІГҮЛ ҮСІПБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұрын көп экскурсия келетін, осы көшенің украшениесі болып тұрған. Оқушылар даже туристер келетін бұл жерге. Қазір уже 2,3 жыл жабық тұр. Ешкім қарап жатқан жоқ.
ҚАЙРАТ ТӘЖЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Одан кейін мына жерде халық өтеді. Траутуарды қарасаңыздар кішкентай ғана тратуар. Мына жағы жол. Мына жерде апат болып қалса адамдар қайда қашады. Соғылғаннан бері білемін, сол кезде уже дұрыс емес қалаған.
Тараздың тарихи жауһары тәрізді кешеннің келбеті кезінде 11-13 ғасырға тән көрінісі бар еді деп көпшілік еске алудан басқа амалы қалмаған. Себебі, облыстық мәдениет басқармасының теңгеріміндегі 67 млн теңге жұмсалған тарихи орынның қараусыз қалғанынан он жылдан асқан. Қазба жұмыстары жүргізілген орны қалай болса солай қалған. Тарихын танытатын QR кодтың қирағанына көп болғаны көрініп тұр.
САУРАН ҚАЛИЕВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
2015 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ал одан кейін бүгінгі күнге дейінгі аралықта, ол керуен сарайға қайта қалпына келтіру өзінің жаңғырту жұмыстары жүргізілген жоқ.
Бұл тарихи нысан 2022 жылы толық жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 110 миллион теңге бөлінген. Бірақ белгісіз себептермен қаржы кері қайтарылты. Енді қала әкімдігі кешенді өз меншігіне алып 400 млн теңгеден асатын қаржыға қайта жөндемек.
НҰРСҰЛТАН ИСАБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Былтыр теңгерімге алғанда осы ғимараттың тозу деңгейін анықтаған болатынбыз. Сондықтан бұл ғимаратты біз ескере келе толығымен реконсерукциялап, барлығына көрме, тарихи мәдени кешен ретінде қайта құрсақпа деп отырмыз. Үстіміздегі жылы жоба әзірлеп, қазір сметалық құны 417 млн теңгені құрап отыр, бас-аяғы.
Мамандар мұндай тарихи нысан әрбір 5 жыл сайын жаңғыртылып тұруы қажет – дейді. Сондықтан жазда реконструкциялау жұмыстары басталмақ.