Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қайдан шыққан ақпарат? Қазақстан Сирияға әскер жібермейді!

AstanaTV
24.06.2017ж. 20:00
2405
Қайдан шыққан ақпарат? Қазақстан Сирияға әскер жібермейді!

«Ресей Қазақстан мен Қырғызстанға Сириядағы деэскалация-қақтығысты бәсеңдету аймақтарына әсерилер жіберу туралы ұсыныс тастады» деген ақпарат шығып, еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ұзатпай комментарий берген – «Сирия дағдарысын реттеуде мүдделі тараптардың бір стол басына жиналуы үшін Қазақстанның Астана алаңын ұсынуы біздің еліміздің нақты үлесі болып табылады. Қазақстан өз әскерилерін Сирияға жіберу туралы ешкіммен де келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ»,- деді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қазақстан өз жауынгерлерін Сирияға жіберу туралы ешкіммен келіссөз жүргізген емес. Сириядағы деэскалация аймақтарының қауіпсіздігі мен тиімділігі қалай қамтамасыз етілетіні - кепіл-елдердің құзырында. Әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына бітімгерлерімізді жіберу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарының және осы ұйымның тиісті мандаты болуы тиіс.

Анкараның мәлімдеуінше, Түркия, Ресей мен Иран Сириядағы «деэскалация туралы» келісімге мониторинг жасау тетіктерін дайындап жатыр. Associated Press агенттігі, «Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы Владимир Шаманов 22-маусымда Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан мониторинг жасауға әскер жіберуді сұраған»,- деп хабарлады. Біздің арна тілшісі хабарласқан Қырғызстан қорғаныс министрлігінің өкілі тараған ақпаратты жоққа шығарды. «Азаттық» Түркияның Hurriyet газетіне сілтеме жасап, 22-маусымда Түркия президенті Режеп Ердоғанның өкілі Ибрагим Калынның «Біз сірә, Ресеймен бірге Идлиб провинциясында негізгі рөлді атқарамыз, Дамаск маңында негізінен Ресей мен Иран болатын шығар»,- деп мәлімдегенін жариялады. Калын сонымен қатар Ресейдің Қазақстан мен Қырғызстанға Сирияға әскер жіберу туралы ұсыныс жасағанын да мәлімдеді. Ол «Дераа маңында америкалықтар мен Иордания әскерін орналастыруды көздейтін механизм» де қарастырылып жатқанын айтқан. Түркия өкілінің сөзінше, қай аймаққа қай елдің әскері және қанша әскер орналасатыны туралы егжей-тегжейлі жоспар жасалып жатыр. Жалпы, осы ақпараттың – «Ресей Қазақстан және Қырғызстанмен Сирияға әскер жіберу туралы келіссөз жұргізіп жатыр» дегеннің қайдан шыққан түсініксіз. Түрлі ойларға жетелейді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев, Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Дипломатиялық омыртқаның иілгіштігін омыртқасы жоқ сыртқы саясатпен шатастыруға болмайды. Егер біреуге бір кезде біздің әскерилерді Сирияға жіберу туралы топас ой келсе, Астананың ұзақ жылғы бітімгер имиджімен қоштасуына тура келеді, себебі онда бізге Ресей одақтасы деп қана қарамайды, бізге бірқатар мұсылман елі мен Батысты қарсы қояды. Бір сөзбен айтқанда, плюсінен минусы көп»,- деп жазған.