$523.2 €594.3 ₽6.38
×

«Жастар Рухы» жастар қанаты колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия өткізді

09.04.2025ж. 20:00
117
«Жастар Рухы» жастар қанаты колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия өткізді

Жастарға өндірістік ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік беру – білікті маман даярлаудың негізгі тетігі. Осы мақсатта "AMANAT" партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия өткізді.   30-дан астам студент Қазақстандағы жалғыз антифриз өндіруші — «Бағашар Мекен» зауытына барып, кәсіпорынның ішкі құрылымымен жан-жақты танысты.  Колледж, зауыт және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжат студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және үздіктердің жұмысқа қабылдануына жол ашады. Жыл соңына дейін осындай 20 колледжбен келісім жасалып, кемінде 500 студент екі қолға бір күрек табу мүмкіндігіне ие болады.

ӘДІЛЕТ АЙТҚАЗЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Біз биылдың өзінде 100-ге жуық студенттің қатысуымен 6 өндірістік зауытқа барып, студенттерге өндірістерді таныстырып, алдағы уақытта өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуге, жұмысшы мамандықтарға дұрыс таңдау жасау үшін  осындай экскурсияларды ұйымдастырудамыз.