$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Астанада оқушылардың ІІІ халықаралық ғылыми форумы басталды

AstanaTV
09.04.2025ж. 20:00
236
Астанада оқушылардың ІІІ халықаралық ғылыми форумы басталды

Астанада «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты оқушылардың ІІІ халықаралық ғылыми форумы басталды. Үш күнге созылатын бұл ауқымды шарада жас зерттеушілер өз жобаларын ұсынып, идеяларымен бөліседі. Сондай-ақ форум аясында "Ғылыми жобалар" конкурсының жеңімпаздары марапатталады.Шараға шетелдік ғалымдар мен халықаралық сарапшылар арнайы шақырылған. Олар тың жобалармен танысып, жас ғалымдарға бағыт-бағдар береді.

ЖАНАР БЕЙСЕНБАЕВА, “АСТАНА ДАРЫНЫ” ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары осында жиналып отыр, үш күн бойы жас зерттеушілерге мереке болатын болды. Осы Астанада. Иә, барлығы жиналып, идеяларымен бөлісетін болады.


АРУЖАН ЖӘНІБЕК, ЖАС ҒАЛЫМ:

Форумдар арқылы өз жобамызды дамытып, болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.