Жамбыл облысы Шу ауданының прокуратурасы бес баласына жеті жыл бойы алимент төлемей жүрген ананы анықтап, оған қатысты іс қозғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2018 жылдан бері санағанда бұл ананың балалары алдындағы қарызы 1,4 млн теңгеге жеткен.
«2025 жылдың қаңтарында Шу ауданының прокуратурасы полициямен бірлесе отырып, бес баласына алимент төлемеген анаға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша тергеу бастаған. Оның қарыщы 1,4 млн теңге болған. Тергеу ананың жағдайы бар болса да міндетінен жалтарғанын анықтады. Дегенмен ақпан айында тараптар татуласып, борышкер үйін балаларына беретін болды», - деп хабарлайды прокуратура.