Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданында жаңадан салынған амбулаториялық бекет 3 ай ғана жұмыс істеп, жөндеу жұмыстарына жабылды. Ескі медициналық бекеттен көз ашпай келген Советское ауылының тұрғындарына былтыр жаңа амбулаториялық ғимарат бұйырған болатын. Нысан жаңадан бой көтеріп, тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде ашылған. Алайда, көп ұзамай іргетасы сыр беріп, екі қабырғасы қақырайып қалды. Салдарынан емхана қайтадан ескі ғимаратқа көшірілді.
ДИАНА РОЖИЦКАЯ, СОВЕТСКОЕ АУЫЛДЫҚ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТІНІҢ МЕДБИКЕСІ:
Біз фельдшерлік бекетте ұзақ жұмыс істеген жоқпыз. Әрі кетсе екі апта ғана болар. Қаңтар-ақпан айларында жұмыс істеген жоқпыз. Сосын бізді ескі ғимаратқа қайта көшірді. Жаңа нысанда жұмыс істеу қауіпті деді. Өте өкінішт.
Нысан құрылысына жергілікті бюджеттен бақандай 180 миллион теңге бөлінген. Қазір медбекетте қайтадан жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кепілдік мерзімі өтпегендіктен мердігер компания шығынды өзі өтейді.
АЗАМАТ ШӘРІПОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Құрылыс компаниясының айтуы бойынша іші осы аптада жұмыстар бітеді. Мына жерде су көріп тұрсыздар ғой, кіру мүмкін емес. Жер кепкеннен кейін сыртқы жұмыстарды бітіреміз деді.