$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қаныш Сәтбаев шығармаларының 10 томдығы жарық көрді

AstanaTV
10.04.2025ж. 20:00
182
Қаныш Сәтбаев шығармаларының 10 томдығы жарық көрді

Ұлтымызды ұлы ойшылы Қаныш Сәтбаев ұлықталып, 10 томдық шығармаларының тұсауы кесілді. Сәуірдің 12-сі -Қазақ тарихындағы біртуар ғалымның дүниеге келген күні, әрі ғылым қызметкерлерінің күні. Айтулы дата қарсаңында Қаныш Имантайұлының толық шығармаларынан құралған жинақ жарық көрді. Онда ғалымның монография, мақала-баяндамалары, есеп-жобалары мен өзге де еңбектері енген. 1000 дана таралыммен екі тілде шыққан кітаптар білім ошақтары мен түрлі мекемелерге үлестірілмек.

ӘДІЛ АХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қор бар. Сол қордың төрағасы Қаныш Сәтбаевтың іздеушісі деп айтуға болады. Сол азамат Үкіметке жолдау жасап, 52 пункттен тұратын жаңағы Ұлттық деңгейде өтетін іс-шаралардың тізімін берген. Сол тізім Үкімет деңгейінде қабылданып, бекітіліп, сол 52 пункттің барлығы орындалды. Бүгін соның нүктесі қойылады.