Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жиын өткізді. Басқосуға Алматы қаласы мен Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Бас прокуратураның басшылығы және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Ерлан Қарин балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне аймақ басшылығы баса мән беріп, оны тұрақты бақылауға алуы тиіс екенін айтты. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды және тиісті іс-шараларды пысықтауды тапсырды.