Байларға тықыр таянды. Енді табысы үш миллионнан асатындарға 15 пайыздан жоғары салық енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді. Ол заңға қосымша түзетулер енгізу барысында кірісті көбейту үшін қалталы азаматтарға салықтың прогрессивті шкаласы енгізіледі деді. Бірақ депутаттардың ұсынылған мөлшерлемеге көңілі толмады.
МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүкіл еуропада былай. Сен байып бара жатсаң ақшаны көбірек төлейсің. Иә, салықты көбірек төлейсің. Мысалы бізде қалай? 10 процент сол аллигарх төлейді, 10 процент қарапайым азамат төлейді. Ол әділетке сәйкес келмейді. Ал қазір естіп отырғаным он бес-ақ процент.