Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Нұр Отан» партиясы өкілдері кәсіпкерлердің мәселесін шешуге мүдделі

AstanaTV
23.06.2017ж. 20:00
2451
«Нұр Отан» партиясы өкілдері кәсіпкерлердің мәселесін шешуге мүдделі

Еркін қойма негізінде қосымша құн салығынан босатылған қазақстандық тауар өндірушілер жаңа қиындыққа тап болды. Бұған Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болғанымыз әсерін тигізуде. Биылғы қаңтарда отандық тауар өндірушілер үшін салық жеңілдігі алынып тасталған. Осыдан соң бизнес иелері тауарларын 12 пайызға қымбаттатты. Есесіне Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болғандықтан, тауар импорттайтын шет елдік инвесторлар үшін жеңілдік сақталған. Олар құн салығынан босатылса, отандық өндірушілер, керісінше, сол салықты төлеуі керек. «Нұр Отан» партиясының мүшелері  кәсіпкерлермен жүздесіп, мәселенің түйінін шешуге тырысты.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

2017 жылдан бастап өнім көлемін арттырамыз деп жоспарлаған кей инвесторлар, керісінше, өндірісті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі тауарын Қазақстанда өндіру мүлде тиімсіз. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі өндірушілер де бар. Себебі олардың клиенттері қосымша құн салығын төлемей-ақ, басқа жеңілдігі бар  импорттаушыдан ала алады.