Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанда физиотерапия бағытында білім алған мамандар оқуын аяқтады

AstanaTV
23.06.2017ж. 20:00
2239
Қазақстанда физиотерапия бағытында білім алған мамандар оқуын аяқтады

Сал ауруымен ауыратын балаларды қалай күту керек? Түрлі жаттығулар жасатуға бола ма? Осы және өзге де сұрақтарды Астана, Шымкент және Атыраудан келген 50-ге жуық медицина  қызметкерлері арнайы шақыртылған мамандарға қойды. 

Бүгінде аталған ауруға шалдыққан сәбилерді оңалту мәселесі толықтай шешілмеген. Аталған тақырыпты көтеріп, дәрігерлердің білім-біліктілігін жетілдіру бастамасын «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры іске асырды. Жобаға "Эксон Мобил Қазақстан Инк." компаниясы қаржылай қолдау көрсетті. Орталық жетекшісі Жібек Бисенованың айтуынша, мұның бірінші кезекте отандық дәрігерлерге тигізер пайдасы зор.

Жібек Бисенова, «Болашақ» оңалту-сауықтыру орталығының директоры:

Бұл біліктілікті көтеру циклі. Мерзімі 6 ай, 4 модульге бөлінген. 300 сағат. Ресейдің білікті мамандарынан дәріс алып жатырмыз. Әлемдік стандартқа сай, реабилитология әдістерін үйреніп жатырмыз. Соңғы кезде біздің елімізде аздап қалыс қалған мамандыққа үлкен үлес қосып жатырмыз деп санаймын.