$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ұлттық бірыңғай тест. Биылғы кілтипандар.

AstanaTV
24.06.2017ж. 20:00
2748
Ұлттық бірыңғай тест. Биылғы кілтипандар.

Ұлттық бірыңғай тест өтіп жатыр. Биыл ереже өзгергені мәлім. Бірақ ... шпаргалка қолдану, әрине, дәлелдей алмаймын, өзгерген жоқ...Сонымен бірге біздің тілшіміз Айжан Қуашқа Теміртаудан бір топ ата-ана телефон соғып, ережелерге шағымданған. Биылғы процестен көріністер.

Алматылық түлектерді жылатқан ұлттық бірыңғай тест. Биылғы емтиханның жаңа форматы мектеп бітірушілерге оңайға соқпаған сияқты. Қатты қиналғандарын балалар шыға сала айтып берді. 

Айбек Алдамжаров, талапкер: 

Екі профтаңдау пәні болды. Сол жақта 30 сұрақтан 40 балл шығатын болды.Сол қиын болды ең негізгісі. Себебі біз бір жауапты белгілейтін кезде үш немесе 2 жауаптан шығатын болды да, қиыншылықтың бірі сол болды.

Өз біліміне сенімді Қызғалдақ та емтихан сұрақтарының біразын түсінбеген. Тіпті,кей тапсырмалардан қате тауып, қабылдау комиссиясына шағымданды.

Қызғалдақ Бердімбай, талапкер:

Физикадан бір есептің шарты дұрыс емес болды. Мен соған апелляцияға келдім.1 баллдың өзі роль ойнайды ғой.

Қарағандылық мектеп түлектерінің алды емтиханның жаңа форматынан күйзеліске ұшырады.ҰБТ-ның алғашқы күні бағын сынаған теміртаулық оқушылардың ата-аналары биылғы өзгеріске наразылықтарын білдірді. Өйткені емтиханға қатысқан талапкерлердің төрттен бірі ғана сынақтан өткен. Қалғандары таңдау пәндерінен тиісті ұпай жинай алмай қалған.

Әсел Ақбаева, ата-ана:

Аяқ астынан таңдау пәнінің балын 15 балға көбейтіп жіберген. Былтырғы жылы 7 балл алу керек болса, биыл 15 балл. 10-ға дейін төмен түссе екен, ең болмаса, 10-13 арасына түсіріп, балаларға мүмкіндік берілсе екен. Ең құрыса, ақылы оқуға түсуге. Өйткені тағы екі ай бала «мен ҰБТ тапсырам» деп жүруі керек? Ол бала қай уақытта демалады, сонда?

Негізі биылғы емтиханның «талапкер барлығы 50 ұпай жинаса, университеттің ақылы бөліміне түседі»,-деген шарты  бар. Мұндай қарама-қайшылықты ата-аналар түсіне алмай отыр. Ал, тым болмаса, ақылы білім ала алмайтынын білген мектеп түлектері екінші мүмкіндіктерін пайдалануға құлықсыз.

Жанар Мырзабаева, ата –ана:

Бұл жаңа формат, биыл өзгертілді. Балалар әлі дайын емес оған. Біз өзі таңдаған физика пәнінен қосымша сабақтарға барып дайындалдық. Нәтижесінде екінші бейімдік пәннен баллымыз төмен болып қалды да, енді балада «мен енді оқуға бара алмаймын ба?» деген сұрақ бар. Ол қайта оқитындай күйде емес.

Еліміздің оңтүстігіндегі тұрғындардың арасында да ҰБТ –дағы өзгерістерге ырза еместер бар. Ата-аналар «емтихан тапсырмаларында орынсыз сұрақтар көп»,- деп шағымданды.

Ертай Есжанов, ата-ана:

Жаңа формат деген сөздің өзі балаға өте қатты әсер етіп жатыр. Ол ойлайды, не бұл жерде? Бұл жерде 5 жауап бар.,Қайсысы?,Мен үш жауапты түсінетін едім, бала үш жауаптың біреуін өзіне тиісті екенін біліп айтатынын. Ал, 5 жауаптың ішінде екеуі дұрыс, үшеуі дұрыс емес. Бұл баланың миын ашыту. 

Биылғы емтиханның 2004-2016 жылдары өткізілген дәстүрлі ҰБТ -дан айырмашылығы: 

Түлектер мектепте 5 пәннен емтихан тапсырды:

Ал, ЖОО – на түсу үшін:

1.Математикадан сауаттылық және оқудан сауаттылық, сонымен бірге тарихтан сұрақтарға;

2. Таңдаған мамандықтарына сәйкес, профильді екі пәннен сауалдарға жауап берді; 

Мұндай түбегейлі өзгерістердің мектеп түлектерінің психикасына шынында да кері әсер етіп, қорқыныш-үрей тудыратынын психологтар растады.

Бибісара Әмірова, психолог:

Мен айтам: «сіз қандай форматқа барсаңыз да бірінші өзіңіз дайын болуыңыз керек». Қай есік ашық, сол есікке кіре алатындай болу керек деп.

Ертай Есжанов, ата-ана:

Оқу саласында жүрген небір азаматтар, білімді азаматтар бар ғой. Осылармен балаға психологиялық тұрғыдан әсер етпейтіндей, бала тапсыруға құштар болатындай етіп жасау керек қой. ЕНТ дегеннен бастап бала қорқады. Кейбіреулер өздеріне қол жұмсап жатады. Оқу құралының өзі бір кітапта басқаша жазылса, екінші кітапта басқа жазылған. Осының бәрін неге бір жүйеге қоюға болмайды?

Биыл ҰБТ елімізде 1-шілдеге дейін жалғасады. Биыл оны 92827 түлек тапсырады. Жаңа бағдарламаның шикілігі емтихан аяқталмай жатып байқалып қалды.

Айжан Қуаш, Айзада Төребекқызы, Ришат Асқарбекұлы «Біздің уақыт».