Қостанайда жоғалған баланың денесі Тобыл өзенінен табылды. Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Еске
салайық, 5 сынып оқушысы Ришат
Харикоғлы 24 маусым күні жоғалып кеткен.
Баланы полицейлер мен еріктілер екі тәулік бойы іздестірді. Іздеу жұмыстарына
арнайы құрылған жедел тергеу тобы да тартылды. Ал құтқарушылар 10 жастағы
баланың денесін Тобыл өзенінен тапты. Полицейлер оқиғаға қатысты ақпарат
беруден бас тартты. Тек, тергеу амалдары аяқталып, сараптама қорытындысы дайын болған
кезде ресми мәлімдеме жасаймыз, деп отыр.
Заңғар САНАЙ