Таразда «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік автокеруен ауыл-аймаққа аттанды. Бұл -"АМАNАТ" партиясының бастамасы. Соғыс және тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсетуді көздеген керуен үш күнде 10 ауданды аралайды. «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы барысында ардагерлер мен осал топтарға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетіледі. Олардың қатарында медицина мамандары және заңгер, әлеуметтік сала өкілдері мен белсенді жастар бар. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері тегін медициналық тексерістен өткізіледі. Ал заңгерлер алыс ауылдардағы тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеді. Керуен «Жеңіс» саябағынан салтанатты түрде жолға шықты.
Өңірде 6 соғыс ардагері, 110 тыл ардагері бар. Бұл акция еріктілер және жанашыр азаматтардың күш-жігерін біріктіріп, жеңімпаз ұрпақты лайықты түрде ұлықтауға мүмкіндік береді.
ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Негізгі мақсат- соғыс ардагерлерімен теңестірілген тыл еңбеккерлерінің жағдайын жасап, соларға құрмет көрсету. Тегін диагностикалық медициналық орталықтың қызметін ұсыну. Ұлы отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдарды ретке келтіру бойынша кең көлемде акция басталған болатын. Жас рухтастарымыз осы автокөлікпен жеткізілген соң, сол жергілікті жерде ауылдарда тазалық жұмыстарына атсалысатын болады.