Алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті. NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы топ жарды. Олар «YURT» және «Икарус» жобасын ұсынып бірінші, екінші орынды иеленген. Байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысқан. Жыл сайын өткізілетін сайыс оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.
АЙСҰЛУ НҰРСҰЛТАН, «ИКАРУС» ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ:
«Икарус» жобамыздың ғарыш станциясы 45 мың тұрғынға арналған. Оның ерекшелігі ішкі саясаты және экономикасы дамыған. Біз осы жобамызды болашақта жалғастырамыз жәнеде одан кейін біз Байқоңырдың дамуы бағытында жаңа жобамызды бастаймыз.