$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Ертіс-Баян өңірінің театры Астанаға гастрольдік сапармен келді

15.04.2025ж. 20:00
172
Ертіс-Баян өңірінің театры Астанаға гастрольдік сапармен келді

Ертіс-Баян өңірінің театры Астанаға  гастрольдік сапармен келді. Олар балалар мен ересектерге арнап "Джудит жасаған қиын таңдау" атты қойылымды сахналады. Қалың көрерменге күлкі сыйлап ғана қоймай, бала мен ата-ана арасындағы байланыс көпірінің мәнін түсіндіріп, сыр шертті. Қойылым авторы қоюшы режиссер, суретші - Сергей Левицкий. Театр актерлары осы спектакльді сахналау үшін 4 айдан астам уақыт дайындалыпты.

ДИЛЬНАЗ ҚИЯТОВА, АКТРИСА:

Өте жылы спектакль. Көптеген отбасыларға сабақ болады деген ойдамын. Себебі бұл жерде қызымен әкесінің арасындағы байланыс туралы айтылады. Және де солардың арасындағы ұрыс-керіс махаббат, не жетпейді? Соны біз көрерменге өзіміздің спектакліміз арқылы жылы лебізімізді білдіргіміз келеді.