Бүгін – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні. Бұл күн жылдан жылға жастар арасында ерекше ықыласпен тойланып, ұлттық махаббат символына айналуда. Бұл – шынайы сезім мен мәңгілік сүйіспеншілікті дәріптейтін күн іспетті.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Осыдан 5-6 жыл бұрын Валентин күні жақындағанда көшелер қызыл жүрекшеге толып, жастар “махаббат күніне” дайындалып жататын. Ал қазір ұлттық құндылықты ұлықтауды мақсатында "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" мерекесі тойланып жүр. Ал бұл күнді алғаш ұсынған кім екенін білесіз бе?
1999 жылы жастар ұйымдарын, ақпарат құралдарын біріктіріп, жаңа ұлттық мереке бастауға үндеу тастаған, қоғам қайраткері - Дархан Мыңбай. Қазақы болмысты сақтай отырып, ерекше күн белгілеу мақсатында 15 сәуір таңдалды. Бүгінде бұл бастаманы оның ұлы жалғастырып, Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнін насихаттап жүр.
ҒАЗАЛИ ҚАМЗАБЕК, SDU СТУДЕНТІ:
Адамдар егер осы Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың жалпы тарихын оқыса, махаббаты жайлы, онда көп нәрсені өзіне үлгі ретінде алуға болар еді. Біздің осы қазақтың өте әдемі мерекесін тойлайық деп бүкіл достарыма айтып отырамын және әлеуметтік желіде бөлісемін.
Тарихшылар мен этнографтар бұл күнді тек махаббатпен шектемей, дәстүр мен өнер мерекесіне айналдыруды ұсынады. Бастаңқы жасап, күй тартылып, ұлттық ойындар ойналып жатса – күннің мағынасы одан әрі тереңдей түспек дейді. Ал қала жұрты мерекені қалай қарсы алады?
БЛИЦ:
- Гүл алып беремін, әйеліме. Ресторанға барамыз, бұйырса.
- Гүл сосын қасына тағы бірдеңе алайын деп жатырмын.
- Ресторан, боулинг, тағы көп қой апаратын жерлер.
Қазір гүл дүкендерінде қызу қарбалас. Бірі алдын ала тапсырыс берсе, енді бірі соңғы сәтте гүл іздеп әлек. Қозы мен Баянның махаббатына шабыттанған жастар сүйіктісіне тосынсый жасаудан қалыс қалмауда.
ТОЛҒАНАЙ МЕДЕТОВА, ФЛОРИСТ:
Соңғы 5 жыл болды, "Қозы көрпеш - Баян Сұлу" күнін жастарымыз белсенді тойлауда. Біз осы мейрамға байланысты өзіміздің қорапшаларымызды қостық. Мында Қозы мен Баян бейнеленген. Осылай жақындарыңызды қуантып жүре беріңіздер.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Ғасырлар өтсе де, махаббат – мәңгілік құндылық. Қозы мен Баян – соның айқын бейнесі. Бұл күннің басты ерекшелігі – өзімізге тән болмысымызды ұлықтау.