Димаш әйгілі әндерінің бірін желіде мазаққа айналдырған отандастарына жазба арнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін әлеуметтік желіде жерлестерімнің «Бір аспанның хикаясы» атты әнімді қызу талқылап жатқанын білдім. Егер сені мазақтаса – сенің тірі және қызық екеніңнің айғағы дейді ғой. Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдеріңізге рахмет. Тіпті күтпеген қалжыңдар болса да, назар аударып жатқандарыңызға рахмет. Ал бүкіл әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім - мені әрқашан қорғап жүргендеріңізге, шынайылық пен жақсылықты жақтағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Мен үшін сөздеріңіз музыка сияқты. 26 мамырда Алматыда «D&Dears» кешінде кездескенше. Билеттер Тикетон.kz сайтында сатылады», - деп жазды ол.
Айта кетсек, кейбір желі қолданушылары Димаштың ағылшын тіліндегі әнін бұрмалап, күлкіге айналдырып таратқан еді. Көпшілік ішінде оларды сынап жатқандар бар.