Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Пәкістанда өрттен 153 адам қаза тапты

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
1808
Пәкістанда  өрттен 153 адам қаза тапты

Пәкістанда жанар-жағармай сақтаулы цистерна өрттеніп, ажал құшқандар саны 153 адамға жетті. Рейтерстің хабарлауынша, тағы 117 адам түрлі жарақат алған. Жергілікті ауруханалар науқастарға лық толды. Көбісі ауыр халде. Полиция қызметкерлері жапа шеккендердің саны әлі де көбейеді деп отыр.

Айта өтейік, сұйық отынға толы танкер Карачиден Лахорға бет алыпты. Жолда цистерна аударылып, жанар-жағармай төгілген. Жергілікті халық сұйықтықты канистрлерге жинамақ болыпты. Осы уақытта жарылыс болған. Алапат өрттен ондаған автокөлік пен мотоцикл жанып кеткен. Алғашқы медициналық көмек тек жарты сағат өткен соң ғана  оқиға орнына жетеді. Бұл уақытта ондаған адам тірідей өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жалын тұтанған темекіден шарпыды. Цистерна маңынан темекі шегіп тұрған адамдар байқалыпты.