Алматыдағы Өжет ауданында түнгі уақытта атыс ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ,
Оқиған орнынан видео түсіріліп, желіге жарияланды. Кадрда қатысушылардың бірі кетіп бара жатқан көлікке мылтықпен оқ атып жатқанын көруге болады. Полиция атыс қаруы бар екі адамды ұстап, қаруды тәркіледі.
«Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.