Астана күніне орай
қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.
1 шілде сенбіге сәйкес келеді. Ол күн жұмыс күні болып белгіленіп, сенбілік
демалыс 7-сіне ауыстырылды. 7-сі - келер аптаның жұмасы. Осылайша, қазақстандықтар
6-шы, 7-ші шілдеде 2 күн, ал сенбі мен жексенбіні қосқанда 4 күн қатарынан
демалады. Айта кетейік, Астана күні - мемлекеттік мерекелердің бірі.