Ресей Федерациясының Астрахань қаласы маңындағы саяжайда орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір отбасының 5 баласы көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Газета.ру басылымы РФ Тергеу комитетінің аймақ бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Өртенген үй орнынан бес баланың мәйіті табылды. Балалар 4 пен 11 жас аралығында болған", - делінген хабарламада.
Үй 20 сәуірге қараған түні өртке оранған.
"Қайтыс болған балалардың анасы үйде болмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.