$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

AstanaTV
21.04.2025ж. 08:15
54
Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты.

Финалға дейін іркілмей жеткен Мөлдір 50 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде хорватиялық Эма Сгарделлиді тізе бүктірді. 

Осылайша, әлем чемпионы М.Жаңбырдай қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Сөйтіп М.Жаңбырбай Премьер-лига санатындағы рейтингіде көш басындағы орнын нығайта түсті,-деп хабарлайды turkystan.kz .