Доллардың 21 сәуірдегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 521,53 теңге болды.
Доллардың 21 сәуірдегі ресми бағамы - 521,90 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 520,55 теңгеге, ал сату бағамы 522,80 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 518,71 теңгеден сатып алынып, 524,90 теңгеден сатылып жатыр.