$447.73 €502.98 ₽5.35

Қорғанысқа жауаптылар қызметінен босатылды

Қорғанысқа жауаптылар қызметінен босатылды
Ақорда

Мемлекет басшысының өкімдерімен еліміздің қорғаныс саласына жауыпты бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Astana TV.

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.