"Астана Балет" театры "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" эпостық балетін көрермен назарына ұсынды. Бұл жолғы қойылымның жөні бөлек. Авторлар қақтығысты шиеленістіре түсіп, көріністі көркейтіп, туындыға тың иірімдер қосқан.
Араға 2 жыл салып махаббат символы Астана театрында қайта сахналанды. Бірақ заманауи стильде. Қозы мен Баянның түр тұлғасы, киім киісі де өзгерген. Бұл жолы Қозының рөлін Сүндет Сұлтанов сомдады. Айтуынша, спектакль көне түркі нұсқасында болғандықтан басты кейіпкерді алып шығу оңайға соқпаған көрінеді.
СҮНДЕТ СҰЛТАНОВ, "АСТАНА БАЛЕТ" ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:
Мен Қозының рөлін сомдауға біраз дайындалдым. Әрине оңай болмады. Біз спектакль арқылы махаббат пен өшпенділік, адалдық пен опасыздықты анық көрсетік деп ойлаймын. Оған қоса көшпелі мәдениетті деп қатар бейнелеуге тырыстық.
Спектакль композитор Ақтоты Райымқұлованың музыкасына қойылды. Ал, қоюшы режиссеры - Татарстаннан келген әйгілі балетмейстер Георгий Ковтун.
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, КОМПОЗИТОР:
4 айдын ішінде Георгий Ковтунмен бірге қоян -қолтық және осы Астана балеттің әртістерімен, қойылым группасыменен ішінде суретшілері де бар, декораторлары бар сол кіслермен бірге қажырлы еңбектің нәтижесінде осы үлкен осы актілік балетті жасап шықтық.
Актерлар 3 сағат бойы тікесінен тік тұрып, спектаклді жоғары деңгейде алып шықты.