Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Аичи-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында командалық спринттің бірінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды AstanaTV.
Іріктеу сайысында қазақстандықтар 44,328 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды.
Қазақстан сапында Данияр Шаяхметов, Дмитрий Резанов және Кирилл Курдиди өнер көрсетті. Андрей Чугай да команда құрамына енгізілді.
Жапония құрамасы 43,301 секундпен үздік нәтиже көрсетті. Қытай спортшылары 43,691 секунд уақыт нәтижесімен екінші орын алды.
Іріктеудің қорытындысы бойынша Қазақстан үшінші орынға жайғасты. Бірінші кезеңде біздің команда 44,827 секунд уақыт нәтижесімен алтыншы орын алған Малайзия құрамасымен сынға түседі.
Бұл жарыста жеңіске жеткен команда медаль үшін күресті жалғастырады.