Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЭКСПО аумағындағы амфитеатр сахнасында "Ақтөбе - құтты мекен" деген атаумен гала концерт өтті

AstanaTV
27.06.2017ж. 20:00
3121
ЭКСПО аумағындағы амфитеатр сахнасында "Ақтөбе - құтты мекен" деген атаумен гала концерт өтті

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Ақтөбе облысының күндері басталды. Осыған орай ЭКСПО аумағындағы амфитеатр сахнасында "Ақтөбе - құтты мекен" деген атаумен гала концерт өтті. Халықаралық байқауларда топ жарған, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген мерекенің басты жұлдызына айналды.

Астаналықтар мен ЭКСПО қонақтары әлемді аузына қаратқан Димаштың әдемі әндерін тыңдап марқайып қалды. Концерт тамашалауға келгендер арасында шетелдік туристердің, әсіресе қытайлық фанаттардың қарасы қалың. Ал өңір басшысы халықаралық көрмеге келген туристер сүйікті әншісі Димаштың туған өлкесін көргісі келсе, қуана қарсы аламыз дейді.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Біраз қасиетті жерлер бар, соларды дайындап жатырмыз, осы жақта келетін туристерді қабылдауға дайынбыз. Димашты іздеп Қытайдан келем деген азаматтар бар екен, оларды да, бұйыртса, күтеміз.  Қош келдіңіздер!