Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Тайланд бизнесмендері қазақстандық кәсіпкерлермен серіктестік орнатуға ниетті

Тайланд бизнесмендері қазақстандық кәсіпкерлермен серіктестік орнатуға ниетті

Тайланд бизнесмендері қазақстандық кәсіпкерлермен серіктестік орнатуға ниетті. ЭКСПО көрмесі аясында бүгін қос ел кәсіпкерлері бір - бірімен танысып, жан-жақты пікір алысты. Тай елінен 16 кәсіпкер фармацевтика, көлік бөлшектері, парфюмдер мен басқа да бағытта сауда-саттықтарын әкелсе, біздің ел тарапынан 40-қа жуық кәсіпкер өтімді тауардың қыр-сырын біліп, оны біздің елге тиімді жолмен тарту көздерін қарастырды.

Киттинанд Ыингчароен, Таиланд Корольдігінің коммерция жөніндегі министрі:

Екі ел арасындағы логистикалық байланыс аса қиындау екенін ескерсек, бастапқы кезде қиыншылықтар кездеседі. Алайда, кейін қос тараптық келісімнің орасан зор пайдасын көрер едік.

Жақсылық Құлтұрсынов, "Сарыарқа" кәсіпкерлер қауымдастығының бас директоры:

Әрине, Таиланд кей сала бойынша бізден озып кеткен. Біз осы кездесу нәтижесі бойынша қай сала бізге керек, қай саланың технологиясы озық, соны анықтағымыз келеді.