$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады

AstanaTV
23.04.2025ж. 14:01
83
Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады

 Астанада Қорғалжын тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолына орташа жөндеу жүргізеді.

— Осыған байланысты, 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.