Алматыда өзін
полиция қызметкері ретінде таныстырып, халықтан қомақты ақша бопсаламақ болған
адам ұсталды. Ол бұл қарекеті үшін 5 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
айтты.
Тергеу мәліметінше, Эдуард Пан есімді азамат зейнеткерге қоңырау шалып,
өзін полиция қызметкері екенін айтады. Қарт ананың ұлы істі болғанын ескертіп,
оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 5 мың АҚШ долларын талап етеді.
Алайда зейнеткер күдікті азаматтың қоңырауынан күдіктеніп, дереу полицияға
хабарлайды. Ізін суытпай тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. 39 жастағы азамат
бұрын да сотталғаны белгілі болды.
Салтанат
Әзірбек, Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі:
Өзі бұрын-соңды
алаяқтық деректеріне қатысты сотталған жігіт екен. Еш жерде жұмыс істемейтін.
Қазіргі таңда басқа да тәріздес қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстіндеміз.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабының нормаларына сәйкес уақытша оқшаулау
абақтысына қамалды. Қылмыстық
кодекстің 190 бабының 3 тармағына сүйенетін болсақ, 5 жылдан аса бас
бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.