$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Жерлестеріміз 1 мамырда қалай демалады

AstanaTV
24.04.2025ж. 21:05
100
Жерлестеріміз 1 мамырда қалай демалады
Фото: gov.kz

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 12 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні — 1 мамыр бейсенбіге, аптаның дәл ортасына түсіп тұр.

Осыған орай:

• Бес күндік жұмыс аптасында:

1 мамыр — демалыс,

2 мамыр — жұмыс күні,

3-4 мамыр — демалыс күндері.

• Алты күндік жұмыс аптасында:

1 мамыр — демалыс,

2-3 мамыр — жұмыс күндері,

4 мамыр — демалыс күні.

Бұдан бөлек, мамыр айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл күндер жұмыс күніне түссе де, сол саланың мамандары арнайы құттықталады.

Кәсіби мерекелер тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген.

• 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні

• 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

• 25 мамыр (мамырдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

БҰҰ күнтізбесіне сәйкес халықаралық күндер:

• 2 мамыр – Дүниежүзілік тунец күні

• 3 мамыр – Баспасөз еркіндігі күні

• 4 мамыр – Оқу орындарындағы буллингке қарсы күрес күні

• 5 мамыр – Дүниежүзілік акушер күні

• 8-9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласу күндері

• 10 мамыр – Аргания (ағаш атауы) халықаралық күні

• 11 мамыр – Көшіп-қонушы құстардың дүниежүзілік күні

• 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

• 16 мамыр – Бейбіт өмір сүру күні; Жарық халықаралық күні

• 17 мамыр – Ақпараттық қоғамның дүниежүзілік күні

• 20 мамыр – Аралар күні

• 21 мамыр – Мәдени әртүрлілік күні; Халықаралық шай күні

• 22 мамыр – Весак (Будда туған күн); Биологиялық алуан түрлілік күні

• 23 мамыр – Акушерлік жыланкөзді жою күні

• 25 мамырдан бастап – Өзін-өзі басқара алмайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық апталығы

• 29 мамыр – БҰҰ-ның Бітімгерлер күні

• 31 мамыр – Темекісіз әлем күні