Самирхон Абабакиров Қытайдың таэквондодан Тайань қаласында өтіп жатқан World Taekwondo President’s Cup – Asian Region халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Алғашқы белдесуінде ол отандасы Дулат Әбдімәлікті жеңіп, ширек финалда тайбэйлік Хуанг Чо Ченгті сенімді түрде ұтты. Жартылай финалда Самирхон Оңтүстік Корея өкілі Жанг Жабиннен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Финалда қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы – оңтүстіккореялық Джун Джанға есе жіберді.
Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) мен Әзиза Қаражанова (53 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.