Алтыншы тур екі күнге белгіленген. Бүгін төрт ойын өткізілсе, ертеңге үш кездесу белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған турдың шымылдығын бүгін, 26 сәуірде 15.00-дe көкшетаулық «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Жеңіс» (Астана) командалары ашады.
Осы күні 17.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Ал 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Астана» мен «Атырау» кездеседі.
Сондай-ақ 20 cәуірде 15.00-дe «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнаса, 16.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), 17.00-дe «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.
Қазір турнир кестесінде 14 ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр. Ал одан кейінгі орындардағы «Астана» мен «Тобылдың» 11 ұпайы бар.
Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.