$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Қазақстандық әнші Санат Асуат Global Voice-та үздіктер қатарына енді

AstanaTV
27.04.2025ж. 14:31
113
Қазақстандық әнші Санат Асуат Global Voice-та үздіктер қатарына енді
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Санат Асуаттың "Әзербайжан дауысы" байқауында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның орындауындағы "Голос" франшизасының барлық жобаларындағы үздік нөмірлер жинағына еніп, ресми "Best of the Voice" YouTube арнасында жарияланды

Отандық өнерпаз әнді бастамас бұрын алғаш рет терең тыныс алған сәтте-ақ, залдағы көрермен эмоцияға берілді. Бұл – көрермендер мен әншінің ішкі толқынысын үнсіз мойындаған сирек кездесетін сәт болды. Осылайша өнер иесі көптің қошеметіне бөленіп, топ жарды.  

Айта кетейік, өзге ел сахнасында бағын сынап жатқан жерлесіміз Атырауда туып-өскен. Небәрі 20 жастағы әнші Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша 3-курс студенті.