$515.03 €584.82 ₽6.24
×

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі

AstanaTV
27.04.2025ж. 15:47
102
338 блогер 256 миллион теңге салық төледі
Фото: СҚО прокуратурасы

Камералдық бақылау нәтижесінде кірісін толық көрсетпеген 854 блогер анықталды.

Салық органдары сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібергеннен кейін ғана олар табысын декларациялап, салық төлей бастаған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.

— 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға анықталған ауытқушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішінде 854 блогер хабарлама алғаны анықталды. Хабарламаларды алғаннан кейін блогерлер тарапынан белсенділік танытылды, — дейді министрлік мамандары агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Десе де, 854 блогердің бәрі бірдей бұл шешіммен келіспейтін көрінеді. Ведомство мәліметінше, хабарламаны алған инфлюенсерлердің 338-і ғана өз бетінше декларация тапсырып, салық төлеген.

— Ағымдағы жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша 338 блогер 10 млрд 585,4 млн теңге сомасына кірістерді өз бетінше декларациялады және 256,7 млн теңге сомасында жеке табыс салығын төледі, — дейді Қаржы министрлігі.