$513.68 €583.03 ₽6.24
×

АҚШ Мемлекеттік хатшысы келесі апта Украинаның болашағы үшін шешуші болатынын мәлімдеді

AstanaTV
28.04.2025ж. 08:27
82
АҚШ Мемлекеттік хатшысы келесі апта Украинаның болашағы үшін шешуші болатынын мәлімдеді
Фото: istockphoto.com

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келесі апта Украинаның соғысын аяқтау мәселесінде шешуші кезең болатынын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

NBC News эфирінде сөйлеген Рубио алдағы күндерге оптимизммен қарауға негіз бар екенін жеткізді.

"Менің ойымша, бұл өте маңызды апта болады. Біз осы аптада соғысты аяқтау ісін жалғастырамыз ба, әлде басқа, кей жағдайларда бұдан да маңызды мәселелерге назар аударамыз ба — соны шешуіміз керек. Бірақ біз бейбітшіліктің орнауын қалаймыз," — деді Рубио.

Марко Рубио Украина мен Ресейдің соңғы үш жылдағы ең жақын бейбіт келісімге келгенін атап өтті. Оның айтуынша, келісім жақын арада жасалуы тиіс.