АҚШ-та Disney-дің бұрынғы қызметкері компания серверін бұзып, мейрамхана мәзіріне өзгеріс енгізгені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ 690 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Сотталған мәзірге балағат сөздер қосып, бағаны өзгертіп қойған. Бұған қоса, тағамдардың қауіпті екенін жазып, жалған ақпарат таратқан. Disney бұл әрекетті дер кезінде анықтап, өзгертілген мәзірді өшіріп үлгерген.
Құқықбұзушы, сондай-ақ, бірнеше Disney қызметкерінің аккаунтын бұғаттап, олардың жүйеге кіруіне кедергі келтірген. Тергеу барысында оның 100 мыңнан астам рұқсатсыз кіру әрекетін жасағаны анықталды.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.