$474.72 €515.17 ₽5.58
×

ЭКСПО алаңында Түркменстанның Ұлттық күндері өтті

AstanaTV
29.06.2017ж. 20:00
3254
ЭКСПО алаңында Түркменстанның Ұлттық күндері өтті

Бүгін ЭКСПО көрмесі аумағында Түрікменстан елінің Ұлттық күндері өтті. Салтанатты түрде ашылған шарада әдеттегідей, Түркменстан әнұраны ойнап, туы көтерілді. Шара кезінде Түрікмен халқының мәдениеті мен тарихы кеңінен таныстырылды. Түркменбашы қаласының «Дагдан» фольклорлық тобы халықаралық көрмеде мың бұралған бишілер өз өнерімен көпшілікті тәнті етті. «Дагдан» түрікмен тілінен аударғанда «Қасиетті ағаш» деген ұғымды білдіреді. Шығармашылық ұжым Түрікмен жерінде ғана емес, өзге де мемлекеттерге танымал.