Елордада "Алтын белгі" иегерлері мен халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Қала әкімі оларды жетістіктерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Биыл мектепті 5 мыңға жуық түлек бітірді. Оның 213-і "Алтын белгі" төс белгісін тақса, 49 оқушы халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. "Елорда мақтаныштары" атты шара дарынды түлектерді қолдап, салтанатты түрде құрмет көрсету үшін ұйымдастырылған.
Мадина Қажмұхамбетова, "Алтын белгі" иегері:
Біздің
әкімдікке осы салтанатты іс-шара мен бағалы сыйлықтар үшін алғыс айтқым келеді.
Келешекте өзім Астана қаласының үздік университеттерінің біріне түсуді
жоспарлап отырмын. Барлық түлектерге сәттілік тілегім келеді.